Жаңалықтар

30 тамыз- Жеңіс күні!

479

Түркия Республикасының халқы 30 тамызда Жеңіс күні мейрамын атап өтуде. Бұл мейрам 1922 жылы Дұмлыпынарда түрік әскерінің басқыншыларға күйрете соққы берген оқиғасына орай 1926 жылдан бері ресми түрде Жеңіс күні ретінде тойланып келеді. Дегенмен, алғаш рет 1924 жылы атап өтілді.

1922 жылы тамыз айының 26 сынан 27 сіне қараған түні Мұстафа Кемал Ататүріктің қолбасшылығындағы түрік әскері Батыс Анадолы аймағында басқыншыларға қарсы қуатты қарсы шабуыл бастаған болатын. Афион маңайында басталған шабуылдың нәтижесінде Анадолыдағы басқыншы әскерлер Измирге дейін шегінген еді. 30 тамызда Дұмлыпынар шайқасында түрік әскерлері басқыншылар күштерін қоршап алып, жойып жіберген. Бұл шайқаста түрік әскерін Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің өзі тікелей басқарғандықтан «Бас қолбасшы шайқасы» деп те атайды. Ал, 1922 жылдың 9 қыркүйегінде Измир қаласы басқыншылардан азат етілді. Осылайша Түркия территориясы басқыншылардан толық азат болып, аумақтық тұтастық қамтамасыз етілген болатын.

Жеңіс күні мейрамы түрік халқының 1919-1922 жылдардағы азаттық соғысында құрбан болғандар мен ерлік көрсеткендердің, халықтың жанкешті еңбегі мен бірлігінің құрметіне, елдің жеңісіне арналған мейрам


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы