Мазмұны

Алғы сөз

Баршаға мәлім, Кеңес билігі тұсында ғылым, соның ішінде ұлттық әдебиет пен тіл білімі саласы қатаң цензураның сүзгісінен өтіп, компартия идеологиясына жат көзқарастардан «тазартылып» отырды. Сол секілді Абай мұрасын танып, білуде де көптеген алаш арыстары мен белгілі ел азаматтарының ой-толғаныстары, арнаулары мен мақалалары қара тізімге ілігіп, шаң басқан мұрағаттардан шықпай қалды. Жарық көргенінің өзі оқырманға күзеліп, қысқартылып жетті.

Тек сексенінші жылдардың екінші жартысында жеткен «қайта құру мен жариялылық» лебінен және тоқсаныншы жылдардың басында еліміздің өз тәуелсіздігін жариялауынан соң ғана бұл мақалаларға жол ашылып, зерттеушілер қолға ала бастады. Сондықтан азаттықтың арайлы таңымен бірге Абайтану саласының да екінші тынысы ашылды деуге болады. Осылайша оқырман қауымның кеңестік билік түрлі себептермен жарыққа шығармай келген Абай туралы мақалалармен еркін танысуына мүмкіндік туды.

Түркі академиясы халықаралық ұйымы көрнекті абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлымен бірлесіп сондай мақалалардың бір парасын оқырман назарына ұсынып отыр. «Абайды оқы, таңырқа...» деп аталатын бұл хрестоматиялық жинақ  кемеңгер ақын Абайды танып, білудегі ақтаңдақтарды айқындай түседі деп сенеміз.

Жинаққа Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Сәдуақасов, Міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов қатарлы репрессия құрығына ілініп, еңбектері ұзақ уақыт бойы ел назарынан тыс болған тұғырлы тұлғаларымыздың жазғандары топтастырылып отыр. Сонымен бірге, Абай туралы тұңғыш пікір білдірген америкалық саяхатшы  журналист Джордж Кеннанның мақалалары енгізілген.

Тағы ескеретін жай, кітапта оқырман назарына алғаш ұсынылып отырған немесе кеңестік цензура қысқартқан тұстары қайта қалпына келтіріліп, алғаш рет толық нұсқада жарияланып отырған мақалалар да бар. Мұның бәрі Мекемтас Мырзахметұлының ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегінің нәтижесі екені белгілі. Бүгінде Абайтанудың биігінде тұрған ғалымға шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Дархан Қыдырәлі

Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті 



Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук