Оқырмандарға

Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы

Құрметті, достар!

Түркі академиясы халықаралық ұйымының ресми порталына қош келдіңіздер!

Түркі әлемінің ғылыми және интеллектуалдық платформасына айналуды көздейтін Академияның барша жаңалықтары мен жобалары туралы толық мәліметті осы порталдан ала аласыздар. Өздеріңіз білетіндей, Академия жанында Түркі музейі мен 35 мыңнан астам құнды кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Осы портал арқылы музей мен кітапханамызға виртуалды саяхат жасау мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, тамыры бір Түркі ұлыстарының тыныс-тіршілігінен ғылыми-танымдық деректермен бөлісіп отыратын бірыңғай портал болу жоспарымызда бар.

Академияның онлайн кеңістігіндегі өзара байланысымыз нәтижелі болады деп сенемін.

Құрметпен, Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті Дархан Қыдырәлі. 

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы